Кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы Геннадий Головкин WorldBoxingNews (WBN) тұжырымы бойынша жасалған Pound for pound (P4P) рейтингінде бір сатыға төмендеді, деп хабарлайды vesti.kz.
Наурызда жарияланған рейтингте Геннадий Головкин 13-і сатыға орналасты. Қазақстандық боксшының алдына мексикалық Сауль Альварес шықты.
Алайда рейтингтің алғашқы ондығы өзгермеді. Әлі күнге дейін америкалық Флойд Мейвезер топ бастап келеді. Екінші және үшін орында Мэнни Пакьяо (Филиппин) мен Андре Уорд (АҚШ).
Әрі қарай тізімде украиналық Владимир Кличко, амеркиалық Тимоти Брэдли, кубалық Гильермо Ригондо, аргентиналық Серхио Мартинес, мексикалық Хуан Мануэль Маркес, филиппиндік Нонито Донэр және америкалық Дэнни Гарсия орналасқан.
Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин 26-шы сәуірге белгіленген жекпе-жекке шықпайтын болды. Оның келесі қарсыласы – кіші Хулио Сесар Чавес болуы ықтимал.