Сөзжұмбақ шешесіз бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сөзжұмбақ шешесіз бе?

11.03.2014
Сөзжұмбақ шешесіз бе?
1913 жылдың 21 желтоқсаны алғашқы газеттік сөзжұмбақтың туған күні саналады. Бұл күн Гиннес рекордтар кітабына да енгізілді. Алайда, ең алғашқы сөзжұмбақ Оңтүстік Африка еліне тиесілі екен.
 
Сөзжұмбақтың шығуына орай ел аузында мынадай аңыз бар. Автокөлік апатында кінәлі деп танылған Виктор Орвил үш жылға сотталады. Аядай бөлмедегі еден торға ұқсас тас плиталардан жасалған екен. Әбден зеріккен Орвил торкөзге ұқсас еденді әр түрлі сөздермен толтырып тастапты.
 
Баспасөзге өзінің 2000-ға жуық сөзжұмбағын жариялаған Жанат Елшібектің бұл тақырыпты зерттей бастағанына көп уақыт болған.
 
«Адамды жастайынан төзімділікке, шыдамдылыққа, білімділікке, ізденуге ұмтылдырады. Әр саладан, ғылымнан хабардар болуға мүмкіндік береді. Мұны  оқулыққа да қосымша құрал ретінде пайдалануға болар еді»,-дейді ол.

Хабарламаларға жазылу