Кәдімгі қасықтардан мүсін жасауға болады дегенге сенесіз бе? Америкалық мүсінші Гарри Холли ас үйдегі қасық, пышақ, шанышқыдан ғажайып мүсіндер жасаумен айналысады.
Огайо штатында суретші және мүсінші ретінде танылған азамат 1994 жылдан бері паркинсон ауруымен ауырады. Сирек кездесетін дертке тап болған мүсіншінің бұл қабілеті көпшілікті таңғалдыруда.
Айына бір мүсін жасайтын Гарри ыдыс-аяқ дүкендерімен тығыз байланыста. Орта көлемдегі мүсінге шамамен 100 мың қасық пен шанышқы қажет болады екен.
Мүсіншінің тағы бір ерекшелігі – ол тек жануарлардың мүсінін ғана жасайды.