Жапония ел аумағында пайда болған улы араларды жойып жібермекші - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапония ел аумағында пайда болған улы араларды жойып жібермекші

10.03.2014
Жапония ел аумағында пайда болған улы араларды жойып жібермекші
Адам өміріне қауіпті улы азиялық аралардың бір түрі алғаш рет Жапония аумағынан табылды.
 
Бұл жәндіктерді жергілікті мамандар Жапон теңізіндегі Цусима аралынан тапқан.
 
Жапониялық экологтар азиялық жәндіктерді Жапонияның негізгі аймағына өтіп кетпей тұрғанда жою керектігін айтып ел билігіне ұсыныс жасаған. Бұл аралардың негізі отаны – Қытай.
 
Олар пайда болғаннан бері экожүйеге және Қытай, Оңтүстік Корея тіпті Еуропаның кейбір елдерінің тұрғындарына зақым келтіріп үлгерген.
 
Азиялық аралардың ұзындығы үш сантиметр. Олар ұсақ жәндіктермен қоректенеді, кейде адамдарға да шабуыл жасайды.
 
Жергілікті билік, бұл жайтқа алаңдаушылық білдіріп, аралардың көзін жою үшін барлық шаралар жүзеге асырылатынын мәлімдеді.

Хабарламаларға жазылу