Біріккен Араб Әмірліктерінде аукциондық үйлердің бірі мобильді телефон нөмірлерін сатумен айналыса бастады, деп хабарлайды Sky News.
Алғашқы сатылымда сандарының көпшілігі қайталанып келетін нөмірлер 400 мың дирхамға (шамамен 100 мың АҚШ доллары) қойылды. Ал рекордтық бағаға сатылған нөмірдің бағасы – 7 миллион дирхам (1 миллион 905 мың АҚШ долары).
Сирек кездесетін бұл нөмірдің барлық сандары дерлік бірдей. Аукционды ұйымдастырушылар қауіпсіздік мақсатында нөмір иесі мен ондағы ерекше санды да жарияламай отыр.