«Жасыл» экономика моделіне көшу бойынша Қазақстанды қолдау жобасы жүзеге асырылмақ.
Ол еліміздегі су ресурстарының сапасын арттыруға бағытталған. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін Еуропалық одақ 7 миллион еуродан астам қаражат берген.
Былтыр қолға алынған жоба осы жылдың шілдесінен бастап іске қосылады.
«Бұл - ең алдымен ауыл шаруашылығы мамандары үшін өте тиімді жоба. Трансшекаралық сулар мәселесінің шешілуін әзірлеуге, сондай-ақ, ұзақмерзімді экологиялық тұрақтылыққа алып келеді», дейді Қазақстандағы БҰҰДБ, Қоршаған орта және энергетика департаменті басшысының міндетін атқарушы Расул Рахымов.
Индира БЕГАЙДАР