Шөбі шүйгін, суы мол шұрайлы жерде төрт түлікті өргізсем, - дейді қожалық жетекшісі Дидар Тоғызбаев.
Жақында ол Ресейдің Қиыр Шығысындағы Хакасия жерінен 93 қодас әкелген, кейде мұны қазақша «сырғалым сиыры» дейді. Енді келешекте қодастың қою сүтін сатылымға шығару жоспарда.
«Қодас сүті қою, адам ағзасына қуат берер құнарлы келеді»,-дейді ауыл шаруашылық мамандары. Майлылығы 23 пайызға дейін жетеді.
Қазір қодастың біразы төлдеген. Тағы бір ерекшелігі, бұл жануар аса көп күтімді қажет етпейді. Қалың терісінің арқасында қысы-жазы далада жайылады.
Шаруа иесі жақында ресейлік серіктестерінен тағы 60 қодас әкелмек. Қолдағысына қосып, сауынға алмақшы. «Себебі, жабайы жануардың сүтіне сұраныс көп», - дейді ол.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ