Бүгін – ақын Жарасқан Әбдіраш дүниеге келген күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – ақын Жарасқан Әбдіраш дүниеге келген күн

07.03.2014
Бүгін – ақын Жарасқан Әбдіраш дүниеге келген күн
«О, махаббат сегіз әріп, бір арман» деп сезімін өлеңіне арқау қылған Жарасқан Әбдіраштың жырын бүгінде екінің бірі жатқа оқиды.
 
Оның өлеңдері неміс, орыс, венгр, украин, беларусь, тәжік, ағылшын тілдеріне аударылды. Өзі де әлем әдебиетінің классикалық шығармаларын қазақша сөйлетті. 
 
Бүгінде ақын мұрасын жинақтап, насихаттауға жары Назгүл Әбдіраш мұрындық болып жүр.
 
«2013 жылдан бастар АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университетінде Жарасқанның шығармашылығы ағылшын тіліне аударылып, зерттеліп, филология және журналистика факультеттерінде оқытылып жатыр екен»,-дейді ол.
 
Ал ұлы Рүстем Әбдіраш: «Ақынның отбасында дүниеге келгендіктен, өнерге, поэзияға, әдебиетке деген көзқарасымыздың қалыптасуына әке ретінде де, ақын ретінде де көп еңбегі сіңді», деп еске алады.

Хабарламаларға жазылу