АҚШ ғалымдары АҚТҚ (ВИЧ) вирусымен дүниеге келген тағы бір сәбиді туғаннан кейін бірнеше сағат ішінде емдеп шықты, деп хабарлайды BBC.
Емдеу шаралары туралы ғалымдар Бостонда өткен СПИД ауруы мәселелеріне арналған конференцияда айтты. Олардың айтуынша, Калифорния штатында АҚТҚ (ВИЧ) вирусымен туған 9 айлық сәби дертінен айыққан. Ал өткен жылы Миссисипи штатының кішкентай тұрғыны емделді.
Ғалымдар осы дертпен туған сәбилерге емдік шараларын үш ай ішінде жасау қажеттігін айтады. Бұл АҚТҚ (ВИЧ) вирусымен туған 50 нәрестенің қатысуымен жасалған клиникалық зерттеулердің нәтижесінде анықталған.