Павлодар облысының бұрынғы әкiмi Е.Арын ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысының бұрынғы әкiмi Е.Арын ұсталды

05.03.2014
Павлодар облысының бұрынғы әкiмi Е.Арын ұсталды
Ірі көлемде пара алды деген күдiкпен Павлодар облысының бұрынғы әкiмi Ерлан Арын ұсталды, деп хабарлайды ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнiң баспасөз қызметi.
 
«Павлодар облысы әкiмдiгiнiң бiрқатар лауазымды тұлғаларына қозғалған қылмыстық iстiң негiзiнде 2014 жылы 4 наурыз күнi демеушiлерден Павлодар облысын абаттандыруға берiлген қаржыны жымқырды және iрi көлемде пара алды деген күдiкпен Павлодар облысының бұрынғы әкiмi Ерлан Мұхтарұлы Арын ұсталды», - делiнген хабарламада.
 
Қазiргi уақытта тергеу жұмыстары жүруде.

Хабарламаларға жазылу