Еуразиялық Экономикалық одақ Қазақстан мен Ресейдің отандық компанияларының байланысын нығайтып, сауда-саттық көлемін ұлғайтуға және инвестициялық тартымдылықты арттыруға ықпал етуде.
2013 жылы ресейліктер тарапынан Қазақстан экономикасына 1,3 миллиард доллар көлемінде тікелей инвестиция салынған.
Еліміздің Ресеймен тауар айналымы 2014 жылы шамамен 7-8 пайызға артқан.
«Тек өткен жылдың өзінде Қазақстанда 1000-нан астам Ресей компаниясы пайда болды. Біздің елде де дәл осындай көлемде қазақстандық кәсіпкерлік субъектілері ашылды», дейді РФ Астрахань облысы Думасының депутаты Александр Башкин.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ