Шетелдіктер қазақ өнеріне қызығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдіктер қазақ өнеріне қызығады

04.03.2014
Шетелдіктер қазақ өнеріне қызығады
 
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисті Сүндет Байғожин жақында жеке шығармашылық кешін ұйымдастырмақшы  екен.
 
Әнші «Таңшолпанға» келіп, жаңалығымен бөлісті: «Мерекеге орай наурыз айында әріптесім сопрано дауысты әнші Альфия Каримовамен бірігіп, жеке шығармашылық концерт өткізбекпіз. Қазір соған дайындық үстіндеміз».
 
Қазан айында Италия елінде өнер көрсетуге келісімшарт жасаған әнші: «Жақында Италияның Верона қаласында өткен  X Опера әншілері конкурсына қатысып, «Богема» операсында баритон дауыста басты кейіпкерді орындап, конкурстың жеңімпазы атандым. Сол кезде осы қазан-қараша айларында өтетін опера қойылымына шақырту алдым»,-дейді.
 
«Шетелдіктер қазақ өнеріне қызығады. Қай елге барсаң да, қазақ өнеріне қатысты жылы лебіздерін білдіріп жатады»,-дейді әнші.

Хабарламаларға жазылу