Сыртқы істер министрлігі Украинадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сыртқы істер министрлігі Украинадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жариялады

03.03.2014
Сыртқы істер министрлігі Украинадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жариялады

Украинадағы жағдайға қатысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жариялады.

«Қазақстан Украинадағы оқиғаларға байланысты ерекше алаңдаушылығын білдіреді. Шиеленістің одан әрі өрбуі аймақтық, сондай-ақ жаһандық ауқымдағы күтпеген нәтижелерге алып келуі мүмкін. Қазақстан барлық тарапты жағдайды реттеу барысында күш қолдану шешімдерден бас тартуға және қалыптасқан мәселені келіссөздер арқылы шешу мақсатында барынша саяси күш-жігер танытуға шақырады. Бұл шешім халықаралық құқықтың фундаменталды қағидаттарына негізделуі тиіс.

Барлық мүдделі тараптарды жағдайды бағалауда байсалды, әділетті болуға және жауапкершілік танытып, украиндық дағдарысты ушықтыруға себеп болатын әрекеттерден бас тартуға шақырамыз», - делінген мәлімдемеде.

Қазақстан тез арада жағдайдың тұрақтануына, барлық саяси күштердің бейбіт диалогына және құқықтық тәртіптің қалпына келуіне үміт артады.

Хабарламаларға жазылу