«Астана арландары»-«Hussars Poland»: 4-1 - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана арландары»-«Hussars Poland»: 4-1

02.03.2014
«Астана арландары»-«Hussars Poland»: 4-1

Дүниежүзілік бокс сериясы аясындағы кезекті жекпе-жегін «Астана арландары» кеше польшалық «Hussars Poland» командасымен өткізді. Бокс кеші Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында ұйымдастырылды.

Қазақстандық команда атынан 52 келі салмақ дәрежесінде бокстасқан Ілияс Сүлейменов польшалық боксшыны айқын басымдықпен ұтты.

60 келіде Ғани Жайлауов та жеңіске жетті.

«Астана арландары» сапында бұл жолы еліміздің Бокстан Ұлттық құрамасының мүшелері Данияр Елеусінов (69 келі) пен Әділбек Ниязымбетов (81 келі) алғаш рет бокстасты. Әуесқой бокста әлемдегі ең мықтылар қатарында тұрған қазақ боксшылары WSB бәсекесінде де жүлде алуға лайық екенін көрсете білді. Екеуі де қарсыластарынан айқын басым болды.

Кездесуді аса ауыр салмақтағы (+91 келі) боксшылар қорытындылады. «Арландар» намысын украиналық боксшы Армен Симонян қорғады. Ал қарсылас командадан оның отандасы Сергей Вервейко шықты. «Арландарға» биылғы маусымда келген Армен Симонян бапкерлердің сенімін ақтамады. Үшінші раундта техникалық нокаутпен «Hussars Poland» боксшысы жеңіске жетті.

Қорытынды есеп - 4:1.

Фото: WSB

Хабарламаларға жазылу