Жырсүйер қауым Серік Тұрғынбекұлын «Арнау өлеңдердің алқабы» деп те атайды. Ол арнау өлеңдерінде кейіпкердің бар болмыс-бітімін шебер суреттейтін санаулы ақынның бірі.
Ақын «Қобыз», «Көкейкесті», «Торғай толғауы», «Жүрегімнің сәулесі», «Кеш келген көктем» секілді бірнеше жыр жинақтарының авторы.
Сондай-ақ, «Балуан Шолақ-Ғалия», «Ахмет-Іңкәр», «Ақан сері-Балқадиша», «Сәкен сұңқар» , «Махамбет пен Жәңгір хан» секілді батырлық және ғашықтық дастандары, «Абай-Біржан», «Мұқағали», «Кейкі батыр» поэтикалық драмалары да Серік Тұрғынбекұлының белгілі шығармалары.
Бүгін 11.05-те «Сыр сұхбатта» Серік Тұрғынбекұлын жаңаша қырынан тани аласыздар.