Еліміздің энергетикалық инфрақұрылымын дамыту - Елбасы Жолдауында айтылған басты міндеттердің бірі.
Бүгінде осыған орай «Екібастұз-Семей-Өскемен» және «Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алматы» бағыттарында жоғары вольтті электр желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қуатты құрылыс бір жыл бұрын Семей маңында басталып, электр энергиясын транзиттеуге арналған қосалқы станция салынуда.
«KEGOC» компаниясы іске асырып жатқан жоба құны - 120 миллиард теңге. Жоғары вольтті желілер салынып біткенде, Қазақстан электр энергиясын еркін транзиттеуге мүмкіндік алады.
Ержан ЖАҚЫП