Жаңа оқу жылынан бастап, Мексикада шахмат ойынына машықтандыру міндетті бағдарлама ретінде енгізіледі. Бұл туралы Халықаралық Шахмат федерациясының президенті Кирсан Илюмжинов хабарлады.
«Мектептегі шахмат» бағдарламасы Мексиканың барлық 200 мың мектебін қамтымақ. Осы орайда біз шахматты мектеп бағдарламасындағы міндетті пән ретінде енгіземіз», деді ол Мехикодағы келіссөздерден кейін.
Шахматты оқыту бойынша федерацияның бастамасы бес жыл бұрын қабылданған болатын. 2012 жылы оны жүзеге асыруға әлемнің түрлі елдерінде 2,5 миллион доллар қаржы жұмсалған. Жақын арада Мексикаға шахматтың білікті жаттықтырушыларын жіберу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Кирсан Илюмжинов алдағы уақытта ЮНЕСКО-мен шахматты негізгі білім беру және мәдени құрамдаушы ретінде осы ұйымның бағдарламасына енгізу туралы келісімге қол қойылатындығын жеткізді.