«Жорға аю» күйі неге бұлай аталған? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жорға аю» күйі неге бұлай аталған?

01.03.2014
«Жорға аю» күйі неге бұлай аталған?
 
«Жорға аю» күйі туралы бірнеше аңыз бар. Соның бірінде былай делінеді: «Бір аюдың аралда апаны болған екен. Бірде ол қонжықтарына жем іздеп, тауға шығып кетеді. Сол уақытта нөсер жаңбыр жауып, сел жүреді. Тасқын су аюдың апанын шайып, күшіктерін ағызып әкетеді. Судың бетінде қалқып кетіп бара жатқан қонжықтарын көрген аю таудан жорғалап түсіп, оларды құтқарып қалады. Содан аю жорға болып шыққан екен», дейді. Бұл күй сондағы аюдың жүрісін бейнелейді.
 
Бүгін 12.50-де «Телқоңырдан» «Жорға аю» күйі туралы біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу