«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының эфирінен көрсетіліп жатқан «Келін» телехикаясында Анандидің жастық шағын сомдаған Авика Гор Астанаға сапары барысында анасымен бірге «Әйел бақыты» хабарына қатысуды жоспарлауда. Актриса қазақстандық көрермендеріне үнді келіндерінің өмірі және салт-дәстүрлері туралы сыр шертеді.
Сондай-ақ бұған дейін Авика кинодағы рөлі мен шынайы тағдырында ұқсастық бар екенін айтқан. Ананди шынайы өмірде енесінің көңілін қалай тапқан? Өз өмірі туралы телехикаяға түсуге енесі келісімін берген бе? Бұл туралы актрисаның өзі хабар барысында баяндамақ.
Авика Гор кино әлемінде өнерін алғаш «Келін» телехикаясында танытқан. Ол кезде небәрі 12 жаста еді. Талантты актриса аз ғана уақыт ішінде миллиондаған көрерменнің жүрегін жаулады.
Ананди «жұлдыз» ауруымен ауыра ма? Сондай-ақ, үнді келіні қазақша сәлем сала алар ма екен?
Мұның барлығының жауабын 4-наурыз күні «Әйел бақытынан» біле аласыздар.