Қазақстандық конькимен жүгіруші Роман Креч баспанасыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық конькимен жүгіруші Роман Креч баспанасыз қалды

28.02.2014
Қазақстандық конькимен жүгіруші Роман Креч баспанасыз қалды
Сочи Олимпиадасына қатысушы конькиші Роман Креч баспанасыз қалды, бұл туралы спортшы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлайды  KazTengrinews.kz .
 
Роман Креч Петропавл қаласында тұрады. Үйінің сүрілетіні туралы жаңалықты туыстары Олимпиада кезінде спортшыдан жасырыпты. «Маған осындай «жағымды» жаңалықты туыстарым жеткізді. Мені Сочидегі Олимпиада ойындары кезінде мазаламау үшін бұл хабарды құпия ұстапты. Менің үйім қаладан шығаберістегі сәулет жөнінен маңызды саналатын басты айналма жолдың бойында (бұрынғы Киров, қазіргі Жамбыл көшесі) орналасқандықтан үнемі сүрілу қаупі төніп тұрды. Бірақ осы кезге дейін ол түрлі себеппен жоспарланған іс күйінде қалып келген еді», - деп жазады Креч.
 
Спортшының мәліметінше, 7-8 жылға жуық уақыт бұрын бұл орамды «ҚазҚалаҚұрылыс» компаниясы «Қызылжар» тұрғын үй кешені құрылысы үшін тазалай бастады. Енді Креч тұрып жатқан үйге де кезек келген. «Бізге үйден бір апта ішінде шығу және көрші аумақта салынып жатқан Жамбыл көшесі, 45-үйдегі тұрғын үй кешенінің бастапқы өңделген күйдегі (!) бір бөлмелі пәтерге көшу қажеттігін екі апта таяғанда ғана ескертті», - дейді конькиші.
 
24 жастағы Роман Креч - Сочи Олимпиадасында медаль алмағанымен сәтті өнер көрсеткендердің бірі. Ол 500 метр қашықтыққа конькимен жүгіруден 7-орынға тұрақтаған болатын.

Хабарламаларға жазылу