Футбол маусымын «Шахтер» мен «Ақтөбе» ашады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футбол маусымын «Шахтер» мен «Ақтөбе» ашады

28.02.2014
Футбол маусымын «Шахтер» мен «Ақтөбе» ашады
Жыл сайын ел футболының жаңа маусымын суперкубок матчымен ашу бізде де дәстүрге айналған. Биылғы маусымашар суперкубок матчы 9 наурыз күні өтеді.
Қазақстанда алғаш рет суперкубок ойыны 1995 жылы өткізілген.
 
Онда 1994 жылғы ел чемпионы «Елімай» мен кубогымыздың иегері «Восток» кездескен.
Содан кейін біраз жыл суперкубок ойыны өтпей қалды. Тек 2008 жылы ғана қайта жалғасты, 2010 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді, деп хабарлайды «Алаш айнасы» газеті.
 
Биылғы суперкубок матчы тіптен қызық болмақ. Екі клубымыз да былтыр Еурокубокта көңілге қонымды өнер көрсеткен. Әсіресе «Шахтер» Еуропаны біраз шулатқан. Әрі екеуі де маусым аралығында құрамдарын екшеп, нығайтып жатыр.
 
Ойын 9 наурыз күні сағат 14:00-де  «Астана-Арена» стадионында өтеді.

Хабарламаларға жазылу