Олар тарихты суретпен жазады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олар тарихты суретпен жазады

28.02.2014
Олар тарихты суретпен жазады
 
Қазақ кезінде аса елемеген бір сала бар. Фотожурналистика деген. Фотосыз газеттің де, журналдың да, сайттың да өңі кірмейді.
 
«Қазірдің өзінде баласын экономист, заңгер жасағысы келетін ата-аналар баршылық. Соның салдарынан дипломын сандыққа салып қойып, құр жүргендер көп. Қоғам фотосуретшіліктің де маңызды мамандық екенін түсінсе деймін»,-дейді фотоөнер шебері Асылхан Әбдірайымұлы.
 
«Тарихшылар тарихты қолмен жазса, фотосуретшілер суретпен жазады. Бүгінгі ақпарат ертең - тарих, фото да ертеңге тарих болып қалады. Сондықтан, жастар бұл салаға да бас бұрып, тереңіне бойлап көрсе, өкінбес еді».
 
Бүгін, 11.35-те «Өнер шежіресінен» Асылхан Әбдірайымұлының шығармашылығымен таныса аласыздар.

Хабарламаларға жазылу