Украина Жоғарғы Радасының уәкілетті өкілі Арсен Аваков полицияның қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін «Беркут» жедел әрекет ету бөлімін тарату туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Ішкі істер министрлігінің жетекшісі әлеуметтік желідегі парақшасында «2014 жылдың 25 ақпанында «Азаматтық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін «Беркут» арнайы бөлімшесін тарату туралы» №144 қаулыға қол қойылды. «Беркут» жедел әрекет ету бөлімі бұдан кейін жұмысын тоқтатады», деп жариялаған.
Оны тарату туралы ұсынысты «Свобода» ұлттық партиясының өкілдері 23 ақпанда Жоғарғы Рада отырысында жариялаған.
Айта кетейік, Украинада «Беркут» жедел әрекет ету бөлімі 1992 жылы құрылды. 2013 жылдың соңында олардың құрамындағы адамдардың саны 4 мыңды құраған. Виктор Янукович қызметінен шеттетілгеннен кейін бөлім жаңа тағайындалған билікке жақтаса бастаған. Ал кейбірі қызметінен кету туралы рапорт қабылдап, басқа елдерден баспана сұрай бастаған.
Арсен Аваков жетекшісіз қалған «Беркут» бөлімшелерінің мәселесін шешуді қарастырудамыз, деп мәлімдеді.