Қазақстанға «лимузин» ірі қара мал тұқымы жеткізілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға «лимузин» ірі қара мал тұқымы жеткізілуі мүмкін

29.05.2015
Қазақстанға «лимузин» ірі қара мал тұқымы жеткізілуі мүмкін

Қазақстанға жақын арада «лимузиндер» жеткізілуі мүмкін. Бұл - қымбат көліктердің маркасы емес, ірі қара мал тұқымы.

Салмағы 600 келіге дейін жететін бұл тұқым әсіресе, етті мал шаруашылығында жиі пайдаланылады.

Түп-төркіні Еуропа, оның ішінде Франция саналатын ірі қараны Қазақстан жағдайында да күтіп баптауға болады екен.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Парламент депутаттарының Францияға сапары барысында осы елдегі шаруашылық жүргізу мен ет экспортын дамыту тәжірибесі жан-жақты зерттелді.

«Жем-шөп дайындау тәжірибесі өте қызық болды. Үкімет тарапынан шаруашылыққа көрсетілетін қаржылай көмек тетіктерімен таныстық. Мұның барлығы жұмысымызды жүйелеуге сеп болады», дейді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева.  

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ 

Хабарламаларға жазылу