Балдың табиғи немесе жасанды екенін қалай анықтауға болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балдың табиғи немесе жасанды екенін қалай анықтауға болады?

27.02.2014
Балдың табиғи немесе жасанды екенін қалай анықтауға болады?
 
 
Балды күнделікті тұтыну арқылы кез келген аурудан айығуға болады. Себебі, бал – адам ағзасына қажетті дәрумендердің нағыз қайнар көзі. Ең алдымен, иммунитетті нығайтады, түрлі инфекциялық аурулардың алдын алады. Асқазан, ішек жолдарының жұмысын жақсартып, жүйке жүйесіне де оң әсері бар.
 
Ұлттық тағамтану орталығының ғылыми қызметкері Айгүл Нағашыбекқызының айтуынша, кешкісін  жақсы ұйықтап, таңертең  тынығып тұру үшін бір стакан суға бір қасық бал қосып ішудің пайдасы зор.
 
Омарташы Бекболат Ташболатұлы қазір жасанды балдың көбейіп кеткенін айтады. «Нағыз бал ешқашан сұйық болмайды. Жасанды балды ажырату үшін  ыдыстың сыртынан қарасаң, арғы жағын көруге болады. Кейбір адамдар бал сұйық болуы керек деп есептейді. Оларға сұйық бал қажет болса, осы қою балды алып, 45 градус жылы суда ұстап тұр, аздан соң өзі сұйылады деп түсіндіру керек»,-дейді ол.
 
Қазақстанның «Бал-Ара» ұлттық омарташылар одағының мәліметінше, әлемдегі ең сапалы бал біздің елде өндіріледі екен. Оның 80 пайызға жуығы Шығыс Қазақстанның үлесінде.

Хабарламаларға жазылу