Н.Назарбаев Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқиды

27.02.2014
Н.Назарбаев Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқиды

ҚР Президенті Н.Назарбаев 11 наурызда Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқиды. Бұл туралы Мәскеу-Астана арасында өткен бейнекөпір барысында танымал ресейлік саяси сарапшы Алексей Власов мәлім етті.

«11 наурызда Қазақстан Президенті халықаралық конференция аясында Мәскеу мемлекеттік университетінің қабырғасында тағы да дәріс оқитын болады», - деді ол.

Айта кетейік, 20 жыл бұрын, 1994 жылғы 29 наурыз күні Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің студенттерімен және профессор-оқытушыларымен кездесуінде тұңғыш рет Еуразиялық одақ құру туралы идеясын ұсынды.

Еуразиялық идея, еуразияшылдық, еуразиялық интеграция - қазіргідей дағдарыстың қауіп-қатерінен құтылудың, жаһандану үдерісіне әзірлікпен кірігудің бірден-бір ұтымды жолы, оның сұранысына жауап болып табылады.

Хабарламаларға жазылу