Қарағанды облысы моноқалаларында 120 жоба жүзеге асырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысы моноқалаларында 120 жоба жүзеге асырылды

26.02.2014
Қарағанды облысы моноқалаларында 120 жоба жүзеге асырылды
Қарағанды облысы моноқалаларында 120 жоба жүзеге асырылған. Бұл туралы бүгін Бауыржан Әбдішев халыққа есеп беру жиынында мәлімдеді.
 
«Өңіріміз үшін моноқалаларды дамыту бағдарламасының маңызы ерекше. Себебі, облыс тұрғындарының 40 пайызы осы шағын қалаларда  мекендейді», - дейді облыс әкімі.
 
Әкімнің айтуынша, моноқалалардың облыстың өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі үлесі 70 пайызды  құрайды. Шағын және орта бизнестің 35 пайызы осы қалаларда белсенді қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, инженерлік инфрақұрылым, балабақшалар мен мектептер, емханалар, мәдениет үйлері мен жолдар жөнделген.
 
Ал, моноқалалардағы еңбекақы көлемі орташа есеппен алғанда 6 пайызға артқан.

Хабарламаларға жазылу