Жетіген, домбыра, домбыра-прима, гитара сынды аспаптардың басын қосып, шағын топ құрған сазгер: «Осы аспаптарды біріктіре отырып, халық әндерін, шетелдік әдемі классиканы жазсам деген арман болатын. Соның сәті енді түскен сияқты»,-дейді «Таңшолпанда» қонақта болған әнші, сазгер Ержан Белғозиев.
«Келешекте біздің топтан халық әлемдік классикалық әндерді, қазақтың күйлерін тыңдай алады. Жалпы, қазақтың халық әндеріне көбірек мән береміз»,-дейді сазгер.
Сұхбаттың толық нұсқасын әрі түрлі аспаптардың бір-бірімен үндестігін «Таңшолпанның» арнайы сюжетінен көре аласыздар.