«Ләйлім шырақ дегенде, Ләйлім шырақ» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ләйлім шырақ дегенде, Ләйлім шырақ»

26.02.2014
«Ләйлім шырақ дегенде, Ләйлім шырақ»
Біржан салдың шығармашылығындағы шоқтығы биік туынды - «Ләйлім шырақ» әнінің тарихы тереңде.
 
Біржан сал халық қолпаштауын көп көргені белгілі. Бірақ, іштарлық жасап, оны көре алмаушылар да болған. Біржан Көлбай, Жанбай атты өзі қатарлас ағайындылардың ауылына түскенде, оны бұлар менсінбей қойған көрінеді.
 
Көре тұра көрмеген кейіп танытқан. Осының кегін Біржан Көлбай, Жанбайдың қарындасы Ләйлімнен алмақ болып, содан қасақана шідер даулапты, дейді.   

Хабарламаларға жазылу