Қызылордада бокстан Қазақстан чемпионаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада бокстан Қазақстан чемпионаты басталды

26.02.2014
Қызылордада бокстан Қазақстан чемпионаты басталды
Қызылордадағы «Евразия» спорт кешенінде 1996-1997 жылдары туған жасөспірімдер арасында бокстан ел біріншілігінің жалауы көтерілді.
 
Чемпионатқа еліміздің барлық өңірінен 200 жуық былғары қолғап шебері қатысуда. Жас спортшыларға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев сәттілік тіледі, деп хабарлайды облыстық Денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
 
Жарыс 7 күнге созылады.

Хабарламаларға жазылу