Бұл туралды Астанада өткен Еуразиялық экономикалық комиссияның отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.
«Вьетнаммен еркін сауда аймағын құру - біз үшін Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттеріне шығатын көпір болмақ. Ертең осы маңызды шараға орай, елімізге Вьетнам Премьер-министрі арнайы келеді»,- деді Бақытжан Сағынтаев.
Бүгінгі жиында Бурабайда өтетін Еуразиялық одақ елдері Премьер-министрлерінің Үкіметаралық кеңесінде талқыланатын мәселелер нақтыланды.
Атап айтқанда, одақтың жұмысы, өзара сауда-экономикалық қатынастар жайы, оның ішінде салаарлық мәселелерге қатысты ауылшаруашылық техникаларын бірігіп шығару, жеңілөнеркәсіп, жүк тасымалы, алкоголь және темекі өнімдеріне қатысты түйінді мәселелер талқыланды.
Нұргүл САҒИТҚЫ