Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Қазақстанға келеді.
Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.
«Наурыздың 3-4 күндері біздің елімізге Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Ламберто Заньердің сапары жоспарланған», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдың 30 маусымында ЕҚЫҰ-ға мүше 56 мемлекеттің министрлер кеңесінің шешімімен аталған беделді ұйымға италиялық Ламберто Заньер Бас хатшы болып тағайындалған еді.