Ғалымдар өскелең ұрпақтың негізгі ауруын анықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар өскелең ұрпақтың негізгі ауруын анықтады

23.02.2014
Ғалымдар өскелең ұрпақтың негізгі ауруын анықтады
Британдық ғалымдар өскелең ұрпақтың басты ауруын анықтады. Ғалымдардың айтуынша, бұл ауру технологиялық ілгерлеу салдарынан туындаған, ол «компьютерлік бүкірлік» деп аталады.  Бұл туралы newsroom жазады.
 
Жылдар өткен сайын дәрігерлер мен ғалымдар жасөспірімдерде омыртқа ауруларының жиі анықталып келе жатқанын айтады. Ол компьютердің алдында көп отырғаннан пайда болып жатыр.
 
Мұндай ұзақ отырыстың әсерінен бірінші кезекте адамның арқасы зардап шегіп, омыртқасында өзгерістер пайда болады. Біртіндеп арқадағы ауырсынулар созылмалы дертке айналып, адамның бүкіреюіне әкеліп соғады. 
 
Зерттеушілер бұл аурудың алдын алу соншалықты қиын емес, ата-аналары балаларының компьютер алдында күнделікті қанша уақыт отыратындарын қадағаласа жеткілікті дейді.
 
Олар сондай-ақ, аталмыш сырқатты уақытылы анықтаудың маңызы зор екенін, себебі, бүкірлікті емдеу аса қиын екенін айтады.

Хабарламаларға жазылу