
«Астана арландарының» бас бапкері Сергей Корчинский 75 келі салмақтағы үздігіміз Сергей Деревянченкоға демалыс берді. Бұған дейінгі жекпе-жектерін өте жоғары деңгейде өткізіп келген Деревянченко енді плей-офф бәсекесіне бір-ақ шығады.
Бұл жолы оның орнын Ерік Әлжанов басты. Польша командасымен өткен кездесуде Әлжанов қатысқан болатын. Алайда, жерлесіміз өзінің тырнақалды жекпе-жегін сәтсіз өткізген. Бүгінгі жекпе-жекте ол кубалық боксшы Луис Рамонмен жұдырықтасып, ұпай санымен ұтылды.
&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/84528/)