Дүниежүзілік бокс сериясының аясында «Астана арландары» Гаванада жергілікті «Куба Домадорес» командасымен кездесуде. Шаршы алаңға алдымен жеңіл салмақтағы боксшылар көтерілді. Қазақстандық команданың бас бапкері Сергей Корчинский бұл жекпе-жекте Теміртас Жүсіповке сенім артты. Бұл - жас боксшының «арландар» сапындағы алғашқы жекпе-жегі.
Теміртас Жүсіпов - Иорданияда өткен Азия чемпионатында бас жүлде алған боксшы. Ал оның қарсыласы – Йосбани Вейтиа қазақ жанкүйерлеріне етене таныс. Кубалық боксшы Алматыда өткен Әлем чемпионатында Біржан Жақыповтан жеңіліп, қола жүлдені қанағат тұтты.
Жеңіл салмақтағы жекпе-жек Йосвани Вейтианың жеңісімен аяқталды. Айта кетейік, екі команда да плей-офф жолдамасына ие. Олар турнир кестесіндегі бірінші және екінші орындарды бөлісіп тұр.