Еліміздегі бірде-бір банк банкротқа ұшырамайды, сондықтан әртүрлі арандатушылыққа құлақ аспау керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпкерлікті ынталандыру және қаржылық секторды сауықтыру мәселелеріне арналған кеңесте мәлімдеді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі Твиттерде.
Сонымен бірге, Президент әрбір тиын жобалар бойынша бөлінетінін қаперге салды. «Қаражаттар өнеркәсіптің өңдеу саласын дамытуға жұмсалады», - деп атап көрсетті Елбасы.