Астана шаһарының сыртында орналасқан ет базасында күніне 10 тоннадан аса ет өндіріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана шаһарының сыртында орналасқан ет базасында күніне 10 тоннадан аса ет өндіріледі

26.05.2015
Астана шаһарының сыртында орналасқан ет базасында күніне 10 тоннадан аса ет өндіріледі

«100 нақты қадамның» әр тармағы -  ертеңгі болашақ кепілі.

Сол тармақтардың бірі - елімізде өндірілетін ет өнімдерінің көлемі мен сапасын арттыру үшін стратегиялық инвесторларды тарту.

Бұл - отандық өнімді өзге ел тұтынушыларына да ұсыну. Бір сөзбен айтқанда, шикізат базасын дамытып, өңделген өнімдерді экспорттау. 

Астана шаһарының сыртында орналасқан ет базасында күніне 10 тоннадан аса ет өндіріліп, қала базарларына таратылады.

Барлық заңдылықты сақтап, елді етпен қамтамасыз етіп отырған базаның ендігі мақсаты - Елбасы көрсеткен нақты қағида бойынша шетел инвесторларымен жұмыс істеу.

 

Дәулетхан МҰРАТҰЛЫ 

Хабарламаларға жазылу