Әнші соңғы 15 жылдан бері Ақмола облыстық Мемлекеттік филармониясының Кенжебек Күмісбеков атындағы халық аспаптар оркестрінде қызмет етіп келеді. Ән өнеріндегі 40 жылдық мерейтойын да 8 ақпан күні осы ұжыммен бірге атап өтті.
Композитор Еркеғали Рахмадиев «әншінің ақиық асылы, жезтаңдайы, гәкку үндісі», деп баға берген Ғазиза Жұмекенова «Өнердің қиын жолын тек еңбекпен ғана еңсеруге болады», дейді.