Шығыс Қазақстан облысында ауа райы күрт суытып, кейбір аймақта қалың қар жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Хабарламада боран соғып, желдің жылдамдығы 17-22 м/с, ал Жарма ауданында 25-28 м/с дейін жетеді делінген.
Сондай-ақ, облыстың төтенше жағдайлар қызметі қар көшкіні жүріп, бұрқасындатуы мүмкін болғандықтан, облыс тұрғындарына елді мекеннен ұзап шықпауды ескертеді.
Таулы аймақта қар көшкіні болуы ықтимал. Жыл басынан бері массасы 5 тоннадан асатын 7 қар көшкіні болған. Осы орайда «Қазселденқорғау» мамандары тау маңына қар тежейтін қалқандар орнатты.