Сот Сыздықованы 7 млн теңгені «Нұр Отанға» қайтаруға міндеттеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сот Сыздықованы 7 млн теңгені «Нұр Отанға» қайтаруға міндеттеді

20.02.2014
Сот Сыздықованы 7 млн теңгені «Нұр Отанға» қайтаруға міндеттеді
   Астана қаласының ауданаралық арнайы экономикалық соты «Нұр Отан»  партиясының бұрынғы мүшесі - Бақыт Сыздықова басшылық жасайтын «Қазақстан болашағы үшін» Жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігі 7 млн теңгені қайтаруы тиіс деген шешім шығарды.
 
 Азаматтық  Кодекстің 217, 221-ші баптары бойынша сот «Нұр Отан Партиясы» қоғамдық бірлестігінің  арызын қанағаттандырып, «Қазақстан болашағы үшін» Жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігіне 7 млн теңге мен сотқа жүгіну барысында төленген 210 мың теңге көлеміндегі мемлекеттік баж салығын қосып «Нұр Отан Партиясы» қоғамдық бірлестігіне қайтаруды міндеттейді,  деді сот Шолпан Нүсіпова
 
Сот отырысында «Қазақстан болашағы үшін» Жастар қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің  Нұр Отан Партиясы» қоғамдық бірлестігі алдындағы 7 млн теңге борышын қайтарушы  ретінде жеке тұлғаны, бұл жерде - Бақыт Сыздықованы емес, қоғамдық бірлестік ретіндегі заңды тұлға жауапты екені мәлімденді.
 
Сыздықова сот отырыстарының ешбіріне қатысқан жоқ.
 
Естеріңізге салсақ, Бақыт Сыздықова 2008-ші жылы  партия қазынасынан 7 млн теңге алып, қайтармай қою салдарынан 2013-ші жылдың 18-ші қыркүйегінде «Нұр Отан» партиясының қатарынан шығарылған болатын. Бұл қаржыны Сыздықова «Астана.KZ» КВН командасын қолдау үшін алып, 2009-шы жылдың  1-ші қаңтарына дейін қайтаруы тиіс болатын.
 
Сыздықова ханым осы қарыз себептерін  Қазақстан президентінің атына жазған ашық хатында баяндаған болатын. Оның түсіндіруі бойынша, 2008-ші жылдың сәуір айында «Астана.KZ» командасын  Астана қаласының бюджетінен қаржыландыру тоқтатылған. Бұл команданың Халықаралық КВН жоғары лигасының финалына шығуымен тұспа-тұс келген. Сол себепті командаға қаражаттай көмек беру мақсатында алынған 7 млн теңгені уақытылы қайтара алмаған. Партия басшылығы келісім-шарт талаптарын өзгертуден бас тартты, деп түсіндірген Бақыт Сыздықова.
 
ИА Новости-Казахстан

Хабарламаларға жазылу