Ақтөбеде ұн мен қантты есепсіз сатып алуға шектеу енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде ұн мен қантты есепсіз сатып алуға шектеу енгізілді

20.02.2014
Ақтөбеде ұн мен қантты есепсіз сатып алуға шектеу енгізілді
  Ақтөбеде картоптан кейін ұн мен қантты сатып алуға шектеу енгізілді. Шенеуніктер бұл қарапайым тұтынушылардың игілігі үшін бағытталған шара деп түсіндіреді.
 
Шектеуді қаладағы ең ірі екі супермаркет енгізген. Оларға өнім жергілікті тұрақтандыру қорынан жеткізіледі. Бірінші сұрыптағы ұнды сатып алуға шектеу қойылған. Енді тек қапшықпен емес, өлшеніп сатылады. Бір адам 5 келіден артық қант ала алмайды.
 
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Ақтөбенің коммуналдық павильондарында картопты есепсіз сатып алуға шектеу қойылған еді.
 
Шенеуніктердің сөзінше, қала тұрғындары дүкен сөрелерінен қажетті тауарларды қалдырмай сатып алуда. Ал бұл өнімнің тапшылығына әкелуі ықтимал.
 
Nur.kz

Хабарламаларға жазылу