Таразда прокурордың көмекшісін айуандықпен өлтірген қылмыскер 19 жылға сотталды, деп хабарлайды nur.kz. Оқиға өткен жылдың қазан айында болған.
28 жасар Ерлан Ноғайбековтің өлі денесі өз үйінен табылған. Прокуратура қызметкерін ас үй пышағымен 27 жерінен жарақаттаған, сондай-ақ басына 2 рет оқ атқан.
Күдікті сол күні қаладан қашпақ болған кезінде ұсталған.
Прокурор көмекшісі туысы Тимурдың атына дезозиттік шот ашып, онда 20 мың АҚШ долларын сақтаған. Туысы ақшаны қайтарғысы келмеген. Ақыры қаражатты мүлдем бермеудің амалын ойлап, Ноғайбековті айуандықпен өлтірген.
«Ол кінәсін мойындады. Расымен, Ноғайбековтің біраз ақшасын жаратып тастаған», - дейді судья Талғат Сырлыбаев.
Ал қылмыскердің жақтасы қаруды жасырғаны үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды.