Сочи Олимпиадасындағы тау шаңғысынан ерлер бәсекесінде АҚШ спортшысы Тед Лигетти жеңімпаз атанып, өз елінің қоржынына жетінші «алтынды» салды.
Лигети екі мүмкіндіктің қорытындысы бойынша 2 минут 45,29 секунд уақытты көрсетті. Франция спортшылары Стив Миссилье (+0,48 секунды) мен Алексис Пентюро (+0,64) үздік үштікке енді.
Бұл жүлдеден кейін АҚШ спортшылары медальдар кестесінде үшінші орынға көтерілді. Әзірге топ басында Норвегия тұр. Екінші орында – Германия.