Қазақ боксшылары Астанада өткен дәстүрлі турнирде жеңімпаз атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ боксшылары Астанада өткен дәстүрлі турнирде жеңімпаз атанды

19.02.2014
Қазақ боксшылары Астанада өткен дәстүрлі турнирде жеңімпаз атанды
Бокстан Қазақстан құрамасы төрт елдің қатысуымен Астанада өткен дәстүрлі турнирдің жеңімпазы атанды.
 
Шешуші кезеңде қазақстандық боксшылар ресейлік команданы 7:3 есебімен айқын ұтты. Біржан Жақыпов (49 келі), Қайрат Ерәлиев (56 келі), Закир Сафиуллин (60 келі), Сағадат Рахманқұлов (69 келі), Дәурен Елеусінов (81 келі) және Антон Пинчук (91 келі) өз кездесулерін жеңіспен аяқтады.
 
Ал Ерлан Тамемов (52 келі), Алмасбек Әлібеков (64 келі) және Рустам Сыбаев (75 келі) қарсыластарына есе жіберді.
 
Айта кету керек, 91 келі салмақта ресейлік боксшы шаршы алаңға көтерілмеді. Сол себепті бұл салмақта оларға техникалық жеңіліс есептелді.
 
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық боксшылар бұған дейін Өзбекстан құрамасын 7:3, Ұлыбритания құрамасын 8:2 есебімен ұтты.

Хабарламаларға жазылу