Елбасы жариялаған бес реформаны жүзеге асыру үшін «100 нақты қадамды» рет-ретімен назарларыңызға ұсынуды жалғастырамыз.
2-ші реформа - Заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Осы реформада белгіленген міндеттер төмендегідей:
22-ші қадам. Тергеу судьясының өкілеттілігін кеңейту арқылы сотта айыпталушы мен қорғаушы арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету.
23-ші қадам. Инвестициялық даулар бойынша жеке сот ісін жүргізуді құру. Жоғарғы сотта ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін инвестициялық алқаны ұйымдастыру.
24-ші қадам. Дубай тәжірибесі бойынша Астана қаласында AIFC халықаралық арбитраждық орталығын құру.
25-ші қадам. Шетелдік және халықаралық соттардың үздік стандарттары бойынша сот істерін жүргізуді қамтамасыз ету үшін Жоғарғы сот жанынан халықаралық кеңес құру.
Ғабит БӨКЕНБАЙҰЛЫ