Африкалық мигранттардың суреті «World Press Photo» бәйгесінде үздік танылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Африкалық мигранттардың суреті «World Press Photo» бәйгесінде үздік танылды

18.02.2014
Африкалық мигранттардың суреті «World Press Photo» бәйгесінде үздік танылды
  Америкалық фотограф Джон Стэнмейердің туындысы  «World Press Photo» бәйгесінің   «Жыл фотосуреті» номинациясын жеңіп алды.
 
«National Geographic» журналына арналған бұл еңбекте Джибути жағажайларының біріндегі африкалық мигранттар түсірілген.
 
Үздік деп танылған туындыға  әділқазылар құрамының мүшесі Джиллиан Эделстайн «Бір ғана суреттен бірнеше кезеңнін тарихын көруге болады. Мұнда технологияның адам  өміріндегі рөлі, жаһандану, миграция, кедейшілік, адамгершілік көріністері байқалады», деген баға берді.
 
Алғашқы рет «Ақпараттық фотосурет» аталымының   жүлдесі «Agence France-Press» агенттігінің фотографы Филипп Лопестің туындысына берілді. Ол «Хаян» тайфунынан зардап шеккендерді түсірген.
Осы номинация бойынша келесі жүлдеге Болгария астанасы – Софиядағы әскери лагердегі қашқындар түсірілген  италиялық Алессандро Пенсоның еңбегі лайық деп танылды.  
 
«Үздік спорттық фотосурет» аталымында  Эмилиано Лазалвиидің Аргентинада өткен ватерполо турнирінен түсірілген суреттері  үздік деп танылды.
 
Ресейлік фотосуретшілер  Данила Ткаченко мен Никита Шохованың туындыларына «Портреттік фотосуреттер» аталымы бойынша І және ІІІ орындар берілді.
 
Тағы бір ресейлік  фотограф Елена Чернышованың туындысы бәйгенің «Күнделікті өмір» аталымы бойынша ІІІ орынды иеленді.
 
Айта кетейік, «World Press Photo» бәйгесі жыл сайын ұйымдастырылады. 2013 жылы бас бәйге    Израильдегі террорлық оқиғаларды түсіргені үшін швед фотографы Поля Хансенге берілген.
 

Хабарламаларға жазылу