Қызылордалық диқандар сүт пен жұмыртқаны көбейтудің жолын тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордалық диқандар сүт пен жұмыртқаны көбейтудің жолын тапты

18.02.2014
Қызылордалық диқандар сүт пен жұмыртқаны көбейтудің жолын тапты
Қызылордалық диқандар сиырдың сүті мен тауықтың жұмыртқасын көбейтетін азық түрін тапты. Сол мақсатта биыл Қазалы ауданындағы «РзаАгро» ЖШС жеріне өндірістік сынақ ретінде мал азығына пайдаланылатын африкалық тары екпекші.
Мамандар бұл тарының сабанын жеген сауын сиырдың сүті молайып, құнарлылығы артатынын айтуда. Қыста да сабанның көктемдегі көк майсадай болатыны, құнарлылығын жоймайтыны дәлелденген.
Сонымен қатар, бұл тарыны жеген тауықтар көп жұмыртқалайтын көрінеді. Жұмыртқаның сырты қатты болып, ұзақ сақталады екен.

Хабарламаларға жазылу