Қазақ кино өнеріне ұлттық бояуды сіңірген тұлға еді... - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ кино өнеріне ұлттық бояуды сіңірген тұлға еді...

18.02.2014
Қазақ кино өнеріне ұлттық бояуды сіңірген тұлға еді...
Қазақ кино өнеріне Абдолла Қарсақбаевтың ізімен келген Қанымбек Қасымбеков 71 жасында дүниеден озды.
 
«Алты жасар Алпамыс» фильміне белгілі кинорежиссердің балалық шағындағы басынан өткен оқиғалары арқау болған. Режиссер бір естелігінде «Бұл фильм - менің біртұтас өмірім. Мен әкемнің 60-қа  келген шағында дүниеге келген, ерке болып өскен баласымын» деген екен.
 
Қаламгердің шоқтығы биік туындысының бірі – «Шоқ пен шер». Бұл еңбегі халықаралық «Монте Карло» кинофестивалінде үздік атанып, «Күміс Нимфа» жүлдесін иеленді. 1973 жылы Ташкентте өткен телевизиялық фильмдердің Бүкілодақтық кинофестивалінде КСРО кинематографистерінің жүлдесін, 1974 жылы Ленин комсомолы сыйлығын иеленді.
 
Әріптестері «Ол ұлттық бояудың шебері», еді деп еске алады.  Режиссердің «Саған күшік керек пе?», «Жамбылдың жастық шағы», «Қоштасқым келмейді» фильмдері көрерменнің мәңгі жүрегінде.
 
40 жыл бойы кино саласында тер төгіп, дүниежүзілік кинофестивальдерде қазақ балалар киносының мәртебесін асқақтатқан Қанымбек Қасымбековтің тұлғасы халқы барда аласармақ емес...

Хабарламаларға жазылу