«Ұлттық аспаптарды жасау үшін музыкалық білім қажет» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлттық аспаптарды жасау үшін музыкалық білім қажет»

17.02.2014
«Ұлттық аспаптарды жасау үшін музыкалық білім қажет»
Қазақ халқы күнделікті тұрмыс құралдарын, үй жабдықтарын  ағаштан ойып жасап қана қоймай, ою-өрнекпен бедерлеп, көрсе, көз жауын алатындай еткен.
 
Ағаш шеберлері төрт топқа бөлінеді. Үй құрап, арба, шана, есік-терезе жасайтындар – балташылар, кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық  жасайтындар - үйшілер деп аталған.
 
Ал жүкаяқ, кереует, сандық жасайтындар – оймашылар,  тұрмыстық бұйымдар жасауға шеберлерді тоқушылар деп атайды.
 
«Ағаштан бір дүние жасау үшін алдымен лайықтысын таңдап, керек жерін кесіп алып, біраз уақыт кептіріп қою керек. Домбыра, қобыз, жетіген сынды ұлттық аспаптарды жасауға қарағаш, шетен, үйеңкі таңдалса, тұрмыстық заттарды, шағын бұйымдарды дайындау үшін терек ағашын қолданған дұрыс», дейді ағаш шебері Сәкен Есенаманұлы.
 
40 жылдан бері ағаштан түйін түйіп келе жатқан ол бүгінде білікті ұстаз. Ал ұлттық аспаптарды жасауды 10 жылдан бері қолға алған.
 
Шебердің айтуынша, домбыра, қобыздың дыбысын бұзбай жасап шығу - оңай емес. Ол үшін арнайы музыкалық білім керек. 
 
Сәкен Есенаманұлының ендігі арманы – шәкірттеріне киіз үй жасаудың технологиясын үйрету.

Хабарламаларға жазылу