1) Аудиовизуалды туындының идеясы;
2) Туындының мақсаты мен міндеттері;
3) Қысқаша сценарлық жоспары;
4) Тілі;
5) Көлемі (шығарылымдар/бөлімдер саны);
6) Жанры;
7) Форматы;
8) Туындының графикалық безендірілуі;
9) Шығындардың бастапқы сметасы;
10) Техникалық талаптары;
11) Әлеуетті орындаушының білікті мамандарының құрамы (мамандарының біліктілігін растайтын дипломдарды және мамандардың жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды қоса ұсынуы тиіс);
12) Әлеуетті орындаушының құрылу тарихы (іске асырған жобалары, (бар болса), аудиовизуалды туындыларды әзірлеудегі тәжірибесі) (Құрылтай құжаттарын қоса отырып, сонымен қатар іс жүзіндегі және заңды мекен-жайын, байланыс телефондарын, e-mail, банк деректемелерін көрсете отырып ұсынуы қажет);
<span 12px;\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\"="">13) Әлеуетті орындаушы әзірлеген аудиовизуалды туындылардың тұтынушысы болған тапсырыс берушінің ұсынымдары (бар болған жағдайда);
14) Қосымша ақпарат.
«Қазақстан» РТРК» АҚ тапсырысымен және қаражаты есебінен аудиовизуалды туынды әзірлеу үшін әлеуетті орындаушы balapantv@bk.ru электронды поштасына туындыны әзірлеу туралы тұжырымдаманы жіберу керек.
Ескерту: «Қазақстан» РТРК» АҚ ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен іріктеліп алынған тұжырымдаманың әлеуетті орындаушысына келесі іріктеу кезеңіне қатысу үшін шақыру хат жіберіледі. Жазбаша шақыру әлеуетті орындаушы көрсеткен электронды почтаға (e-mail) жолданады.
Алғашқы отырыс 18-ақпан, сағат 16:00-де өтеді.